Комплаенс қызметі ұйым қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, этикалық нормаларға және ішкі регламенттерге сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жүргізеді.
Қызметтің негізгі міндеттері:
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу;
- Қызметкерлердің іскерлік этика қағидаларын сақтауын бақылау;
- Заң бұзушылықтардың алдын алу және анықтау;
- Азаматтар мен қызметкерлерден келіп түскен өтініштерді қарастыру;
- Ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту.
Комплаенс қызметі медициналық ұйым қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
Егер сізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, этикалық нормалардың сақталмауы немесе ұйым қызметіне қатысты ұсыныстар мен өтініштер болса, Комплаенс қызметіне хабарласа аласыз.
Біздің басты қағидаттарымыз – заңдылық, ашықтық, адалдық және жауапкершілік.
KZ
